150 ОҚУШЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСТЫ
Спорт - салауатты өмір салтының кепілі. Түркістан облысында жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы спартакиада ұйымдастырылды. Жарыс жастарды бұқаралық спортқа тартып, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндейді.
Спартакиада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы «Есірткісіз болашақ» онкүндігі шеңберінде ұйымдастырылды. Додаға 150-ден астам оқушы қатысып, футбол мен үстел теннисінен бақ сынады. Жас спортшылар командалық үйлесім мен жеке шеберліктерін көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. Спорттық бәсеке оқушылардың достық қарым-қатынасын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік берді.