Негізгі Жаңалықтар ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖАНДАРДЫҢ ЖЫР ДОДАСЫ

ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖАНДАРДЫҢ ЖЫР ДОДАСЫ

ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖАНДАРДЫҢ ЖЫР ДОДАСЫ

Өмірге құштар ерекше жандардың жүрегінен шыққан жалынды жыр тыңдарманды тебірентті. Мегаполисте мүгедектігі бар азаматтар арасында «Мөлдіреген жыр сезім» атты республикалық әдеби байқау өтті. Шығармашылыққа жақын өнерпаздар кеште өнерін ортаға салып, өзара бақ сынады.


Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі өнер додасы Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналды. Рухани кешке еліміздің әр өңірінен іріктелген 11 көркемсөз шебері қатысты. Сахна төрінде ақынның өлеңдерін жатқа оқыған өнерпаздар шеберліктерін паш етіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.


 ЕРБЕК БАКИЕВ, «ШАЛҚАР ШАБЫТ» МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ
Бұл байқаудың мақсаты – мүгедектігі бар жандардың шығармашылығын шыңдау әрі өлеңге деген құштарлығын ояту. Ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ел-жер, Отан жайлы өлеңдер оқылады.


Жыр додасында бақ сынаған он бір үміткердің арасында Ақтөбеден арнайы келген өнерпаз да бар. Мәдениет саласында жемісті еңбек етіп жүрген қатысушы Жүрсін ақынның жырларын сүйіп оқитынын айтады. Байқауға ерекше ден қойып дайындалған ол, бүгін топ жарып, екінші орын иеленді.


АЙДАРБЕК ИМАҚОВ, ҚАТЫСУШЫ
Жүрсін Ерман атамыздың атындағы байқау өтеді дегенді естіп, қатысып көруге бел байладым.Алғашқы кезеңде қазылар алқасы жоғары ұпай қойып, ақтық сынға өттім.Бүгін Жүрсін Ерман атамыздың «Түнгі такси» деген шығармасын оқимын.


Өлеңге ғашық, қайсар жандардың рухын көтеріп, шығармашылығын шыңдауды мақсат еткен дәстүрлі байқау биыл жетінші рет өткізіліп отыр. Іс-шарада қатысушылардың еңбегі ескерусіз қалмады. Арнайы ынталандыру жүлдесімен қатар, үздік шыққан өнерпаздарға қомақты қаржылай сыйлықтар табысталды.

Бөлісу