Негізгі Жаңалықтар КӨМІР ҚОРЫ 83 ПАЙЫЗҒА ТОЛЫҚТЫ

КӨМІР ҚОРЫ 83 ПАЙЫЗҒА ТОЛЫҚТЫ

Түркістан облысында жылыту маусымы штаттық режимде жалғасып жатыр. Бүгінде өңірдегі 1 жылу энергетика кешені, 34 орталықтандырылған және 2210 автономды қазандық тұрақты жұмыс істеп тұр. Жылумен қамту және көмір қорын толықтыру мәселелері облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде қаралды.


Мамандардың мәліметінше, қазандықтар температуралық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Көмір жеткізу де тұрақты жүргізілуде. Ал жылу энергетика кешендеріне маусым бойы 8 мың тонна мазут қажет. Осы көлемді қамтамасыз ету үшін «Кентау Жылу» және «Шолаққорған су» кәсіпорындарымен келісімшарт жасалған. Отын тасымалы бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда.


ТОҚТАР ҮСІБАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
 Жылу маусымына қажетті көмір көлемі 176 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 169 мың тоннасы жеткізілген. Бұл жалпы қажеттіліктің 96 пайызын құрайды.


Облыс тұрғындарына жылыту маусымына 176 мың тонна көмір қажет. Қазір оның 169 мың тоннасы жеткізілген. Бұл – жоспардың 96 пайызы. Ал «Кентау Жылу» кәсіпорнының көмір қоры бүгінде 56 мың тоннадан асады. Биыл жеткізілуі тиіс 45 мың тонна көмірдің тасымалы да толық аяқталған. Жалпы өңір бойынша көмір қажеттілігі 532 мың тоннадан асады. Оның 442,9 мың тоннасы жеткізіліп, жоспар 83 пайызға орындалған.


Аппарат мәжілісінде тұрғындардың газдан және қатты отыннан улануының алдын алу мәселесі де назардан тыс қалмады. Облыстағы 406 мыңнан астам тұрғын үйдің 71,5 пайызына түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Үйлердің 69,5 пайызында мұржалар тазартылса, газ дабылқаққыштарымен қамту деңгейі 50,6 пайызды құрап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.

Бөлісу