ЖҰМЫСШЫ ТОП МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Елімізде медицина қызметкерлерінің мәртебесі артады. Президент жолдауында учаскелік қызмет мамандарының жалақысы үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыру керектігі айтылды. Елордадан келген жұмысшы топ қалалық перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлерімен жүздесті.
Кездесуде ана мен бала денсаулығын қорғау, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық әлеуетін нығайту мәселелері сөз болды. Жолдауда көтерілген мәселелердің барлығы адами капиталды дамытуға бағытталғандығы айтылды.
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Жолдауда айтылған мәселе халықтың жағдайын жақсартуға Ұрпаққа дамып өсіп жатқан мемлекетті қалдыру мақсатында айтылып отыр. Төменгі жалақының көтерілуіде медицина қызметкерлерінің жалықысын көтеруде адами капиталды көтеруге бағытталған.
Қалалық перинаталдық орталық- өңірдегі жетекші акушерлік көмек көрсететін медициналық ұйымдардың бірі. Орталық жоғары қауіп тобына жататын жүкті әйелдерге, босанатын және босанған әйелдерге, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді.
АҚМАРАЛ МАҚАШЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біздің орталық 2011 жылы ашылған содан бері 120 мың босану болып 125 мыңнан астам нәресте дүниеге келді. 2023 жылдан бастап аурухана ішілік госпитальды формация бөлімі ашылды. 2023 жылдан бастап неонаталды хирургия бөлімі перзентхана орталықтарына берілді.
Елімізде басталатын «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында өңірлерде 70-ке жуық жаңа денсаулық сақтау нысаны бой көтереді. Олардың қатарында перзентханалар, ауруханалар, жедел жәрдем станциялары мен балаларға арналған оңалту орталықтары бар.