Негізгі Жаңалықтар БЕРЕШЕГІ БАР КӨЛІКТЕР АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

БЕРЕШЕГІ БАР КӨЛІКТЕР АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

БЕРЕШЕГІ БАР КӨЛІКТЕР АЙЫПТҰРАҚҚА ҚОЙЫЛДЫ

Түркістан облысында айыппұлдарын төлемей, жол ережесін қайта-қайта бұзған екі жүргізуші анықталды. Арыста полицейлер берешегі бар көліктерді «Қорғау» жүйесі арқылы тауып, айыптұраққа қойды.

Changan автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты алты рет асырған. Нәтижесінде 259 мың 500 теңге айыппұл жинақталған. Алайда азамат алты ай бойы берешегін өтемеген. Сондықтан іс сот қарауына жолданған. Ал Hyundai Tucson жүргізушісі жол ережесін жеті рет бұзған. Жедел басқару орталығының көмегімен екі көлік те «Қорғау» жүйесі арқылы анықталып, полицейлер оларды айыптұраққа қойды.



Бөлісу