Негізгі Жаңалықтар ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Келесте минералды су өндіретін жаңа зауыттың құрылысы аяқталды. Құны 2,5 миллиард теңге болатын жоба іске қосылғанда, мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпорын отандық өнім өндіріп қана қоймай, экспортқа да шығуды көздейді.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданына жұмыс сапары кезінде Жүзімдік ауылдық округіндегі «SARYAGASH SU ONIMDERI» кәсіпорнына барды. Өндірістік нысанның құрылысымен танысып, кәсіпкермен жобаны іске қосу мәселелерін талқылады. Қазір зауытқа заманауи жабдықтар орнатылған. Жалпы құны 2 миллион АҚШ долларын құрайтын өндірістік желі газдалған және газдалмаған минералды су шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның өндірістік ғимаратының аумағы – 2 мың 103 шаршы метр. Жобаға салынған инвестиция көлемі – 2,5 миллиард теңге. Өндіріс толық іске қосылғанда 30 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Дайын өнімді ішкі нарыққа жеткізумен қатар, шетелге экспорттау да жоспарланған. Бұл ауылдағы жұмыспен қамтуды арттырып, ауданның өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.



Бөлісу