КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДА
Шардарада полицейлер тазалық талаптарының сақталуын тексерді. Рейд барысында көшелер, сауда орындары мен қоғамдық тамақтану нысандарының айналасы назарға алынды.
Тексеру кезінде азық-түлік дүкендері мен асханалардың маңына тұрмыстық қалдықтардың бей-берекет тасталғаны анықталды. Сондай-ақ санитарлық талаптардың сақталмағаны белгілі болды. Заң бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал нысан иелеріне аумақты тазалап, санитарлық талаптарды сақтау міндеті ескертілді.