ЕСІРТКІ АҒЗАҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
Синтетикалық есірткі адам ағзасына қандай зиян келтіреді? Мақтааралда оқушыларға осы тақырыпта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық кездесуге 150-ге жуық оқушы мен полиция қызметкері қатысты. Жасөспірімдер есірткінің адам денсаулығына зияны мен оны қолданудың қауіпті салдары туралы ақпарат алды. Сондай-ақ есірткіні сақтау, қолдану және тасымалдау үшін заң алдында жауапкершілік барын білді. Ал нарколог дәрігер синтетикалық заттардың адам ағзасы мен психикасына тигізетін кері әсерін түсіндірді. Кездесу соңында оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.