Негізгі Жаңалықтар ҮШ ЕЛДІҢ ПЕДАГОГТЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ҮШ ЕЛДІҢ ПЕДАГОГТЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Түркістан халықаралық білім диалогының орталығына айналды. Мұнда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның педагогтері бас қосты. «Ұлы дала елі» музейінде жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру жүйесінің өзгеруі, цифрлық қауіпсіздік және мұғалімдердің жаңа кәсіби құзыреттері талқыланды. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция заманауи білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді қамтыды.

 Жиынның басты мақсаты – үш елдің педагогикалық қауымдастықтары арасындағы байланысты нығайтып, озық тәжірибемен бөлісу. Конференция аясында Еуразиялық педагогтер қауымдастығы мен Ташкент қаласындағы «Ихлос» халықаралық білім беру мекемесі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру, педагогтердің тәжірибе алмасуын жолға қою және кәсіби дамуына мүмкіндік жасау көзделген.

 МАХСУМА АШИРМЕТОВА, IXLOS PRIVATE SCHOOL ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
«Бұл кездесу оқушыларға жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, дұрыс білім алуға, өз бағытын айқындауға және нақты мақсаттарға ұмтылуға бағыт берді. Өте ауқымды ақпарат пен мол білім қорын қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу маңызды болды. Ең бастысы, қатысушыларға теориялық мәліметтермен қатар, тәжірибеде қолдануға болатын нақты әдіс-тәсілдер де ұсынылды. Бұл оқушылардың білім деңгейі мен кәсіби дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді».


Бөлісу