«ОРДАБАСЫ» ЧЕМПИОНДЫҚ ЖЕҢІСІН ТОЙЛАДЫ
Шымкентте футбол мерекесі! Қазақстан чемпионы атанған «Ордабасы» клубының тарихи жеңісі қала тұрғындарымен бірге тойланды. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «Астана» алаңында өткен салтанатты кешке мыңдаған жанкүйер жиналып, сүйікті командасының жетістігіне ортақтасты.
Кештің басты сәті – чемпиондық марапаттарды табыстау рәсімі. «Ордабасы» ойыншылары мен бапкерлер құрамына алтын медальдар тағылып, жеңімпаз кубогы салтанатты түрде тапсырылды. Осылайша, маусым бойы төккен тер мен табанды еңбектің нәтижесі жанкүйерлер алдында лайықты бағасын алды.
ЭЛЬХАН АСТАНОВ, «ОРДАБАСЫ» ФК ЖАРТЫЛАЙ ҚОРҒАУШЫСЫ
Мұндай нәрсе Ордабасы командасында, Шымкент қаласында болмаған. Бұл енді үлкен тарих қой. Қатысқаныма өте қуаныштымын. Әр амның арманы ғой. Барлық Шымкенттіктерді құттықтаймын. Маусым бойында керемет қолдауға рахмет. Техас фансқа барлық Шымкенттіктерге. Стадинды толтырып, келесі жылы да осылай келіп бізді қолдай берсін.
ЖАСҰЛАН ӘМІР, «ОРДАБАСЫ» ФК ҚОРҒАУШЫСЫ
Бүгінгі көңіл күй өте керемет. Қуаныштымыз Шымкентке осындай алтын дубль істегенімізге. Өте қуанытшытмын. Баршы Шымкенттіктерді осы жеңіспен құттықтаймын. Тарихи жеңіс баршаңызды құттықтаймын.
Чемпиондық қуанышқа қала басшысы да ортақтасты. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков футболшыларды тарихи жеңісімен құттықтап, бұл жетістіктің артында бірлік, табандылық пен жанкүйерлердің үздіксіз қолдауы тұрғанын атап өтті. Сондай-ақ клубқа демеу болған демеушілерге, бапкерлер мен жанкүйерлерге алғыс айтты.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сіздердің қолдауларыңыз жанкүйер ретінде сөзбен қолдап келе жатырыздар. Ниетпен қолдап келе жатырсыздар. Бірлік болған жерде осындай жеңіс болады. Әрқашан осылай бірігіп үлкен биіктерден көрініп жүре берейік. Баршаңызға рахмет.
Ал клуб басшылығы бұл жеңісті бүкіл Шымкенттің ортақ жетістігі деп бағалайды. «Ордабасы» президенті әрі директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Қызайбай команданың сегіз ай бойы чемпиондық мақсатқа жұмылып, әр матчта бар күшін салғанын жеткізді. Ендігі меже – клубтың халықаралық аренадағы беделін арттыру.
ДАРХАН ҚЫЗАЙБАЙ, «ОРДАБАСЫ» КЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Кубогымыз КПЛ чемпионатында топ жарып күні кеше Қазақстан чемпионатын да жеңіп алды. Бұл бүкіл Шымкенттің мерекесі, Шымкенттің жеңісі. Сіздердің қлдауларыңыздың арқасында мына жігіттер 8 й ішінде аянбай еңбек етіп, алаңда тер төкті. Осы сәтке жету үшін, сіздерді қуанту үшін. Сол үшін бүгін ерекше керемет күн.
«Ордабасы» 25 қазанда өткен чемпионаттың қорытынды кезеңінде 68 ұпай жинап, мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды. Бұл – клуб тарихындағы екінші чемпиондық алтын. Енді шымкенттік команда УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды. Ал мерекелік кештің көркін Қайрат Нұртас пен Bayansulu әндері қыздырды. Мыңдаған жанкүйердің шаттығына ұласқан салтанатты шара аспандағы отшашумен түйінделді.