IT МАМАНДАРЫ ЖАСЫЛ АЛАҢДА ЖҮЗДЕСТІ
Күнделікті жұмысы компьютер алдында өтетін IT мамандары бұл жолы жасыл алаңда бас қосты. Шымкентте дәстүрлі «Digital CUP» кіші футбол турнирі жалауын көтерді. Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылған жарыста 10 команда өзара мықтыны анықтады.
Доп додасына «Қазақтелеком», «Транстелеком», «Кселл», «Билайн» сынды ірі байланыс операторларының командалары қатысты. Сондай-ақ IT ұйымдар мен құқық қорғау органдарының цифрландыру саласына жауапты мамандары да алаңға шықты. Ұйымдастырушылар үшін бастысы – жеңіс қана емес, әріптестік байланысты нығайтып, жаңа таныстықтарға жол ашу.
ЛЕСБЕК АРЗЫҚҰЛОВ, «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі іс-шараға барлығына сәттілік тілейміз. Жеңген де жеңілген де болады. Бірақ барлығы әділ өтіп, барлығы ырза болып, ең алғашқы мақсат барлығы бір-бірімен танысу, достасу деген сияқты. Барлығына сәттілік тілеймін.
Биыл турнирге алғаш рет қатысқан командалар да бар. Солардың бірі – «Infodata» ұжымы. Олар үшін бұл дода спорттық бәсекемен қатар, сала мамандарымен танысып, кәсіби байланысты кеңейтудің мүмкіндігі.
АҢСАР СЕРІКҰЛЫ, «INFODATA» ЖШС ӨКІЛІ
Бүгінгітаңда алғаш рет қатысдамыз. Бұл тек қана бірінші жарыс болмайды. Алдағы уақытта достығымыз артады. Осы Шымкент қаласының лигасы ғой. «Билайн», «Қазақтелеком», «Кселл» бар. Біз Инфодата мысалы цифрландырц жағынан келіп отырмыз. Бұл жерде тек джода емес қаладағы астармен, әріптестермен таныстықты арттыру мақсатында жасалып отыр.
Турнирдің қараша айында өтуі де кездейсоқ емес. Жарыс 10 қараша – Цифрландыру күніне орай ұйымдастырылады. Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемеловтің айтуынша, футбол – түрлі сала мамандарын бір командаға біріктіретін спорт. Сонымен қатар қозғалысы аз мамандық иелеріне дене белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Не үшін футболды таңдадық. Себебі білесіздер ғой ІТ болсын көбісі отырмалы жұмыс. Сондықтанда біріншіден өзіміздің дене шынықтыруға үлкен септігін тигізеді. Одан соң футбол командалардыәр түрлі сала мамандарының басын бріктіретін үлкен спорттың түрі. Бұл тек қана бір турнирмен шектелмейміз. Бұл турнирдің мақсатыжылсайын қараша айында өтеді. Себебі 10 қараша респулика көлемінде цифрландыру күні болып табылады. Сол күнге орай істелінеді.
Тартысты ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, үздіктер марапатталды. Бірінші орын алған команда 350 мың теңге, екінші орын иегері 250 мың теңге, ал үшінші орынға тұрақтаған ұжым 150 мың теңге сыйақы алды. Бұдан бөлек, үздік қақпашы, қорғаушы, шабуылшы және сұрмерген атанған ойыншыларға 25 мың теңгелік сертификаттар табысталды.