Негізгі Жаңалықтар ДРОН 80-ДЕН АСТАМ ЕРЕЖЕ БҰЗУШЫНЫ АНЫҚТАДЫ

ДРОН 80-ДЕН АСТАМ ЕРЕЖЕ БҰЗУШЫНЫ АНЫҚТАДЫ

Дрон жүргізушінің жол ережесін өрескел бұзғанын әшкереледі. Төлеби ауданында Audi көлігін тізгіндеген азамат тұтас сызықты басып өтіп, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққан. Заң бұзушылық әуеден бақылау кезінде анықталды.

 Сот шешімімен жүргізуші алты айға көлік басқару құқығынан айырылды. Ал Төлеби ауданында дрон көмегімен жүргізілген рейд барысында 80-нен астам құқық бұзушылық тіркелді. Олардың қатарында жаяу жүргіншіге жол бермеу, қауіпсіздік белдігін тақпау, жылдамдықты асыру және қарсы бағытқа шығу деректері бар. Әрбір факті бойынша тиісті шара қабылданды. Полицейлер жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады.

Бөлісу