Негізгі Жаңалықтар КУӘЛІКСІЗ МОПЕД БАСҚАРҒАН ЖАСӨСПІРІМ ҰСТАЛДЫ

КУӘЛІКСІЗ МОПЕД БАСҚАРҒАН ЖАСӨСПІРІМ ҰСТАЛДЫ

КУӘЛІКСІЗ МОПЕД БАСҚАРҒАН ЖАСӨСПІРІМ ҰСТАЛДЫ

Мопед тізгіндеген әр адам жол ережесін сақтауға міндетті. Көлік құралы мемлекеттік тіркеуден өтіп, нөмірі тағылуы керек. Оны басқару үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі де қажет. Алайда бұл талаптарды елемейтіндер әлі де бар.

 Шардара қаласында полицейлер тіркелмеген мопедті байқап, жүргізушісін тоқтатпақ болған. Алайда ол тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, оқиға орнынан қашуға әрекеттенген. Полицейлер көп ұзамай оны ұстады. Тексеру барысында мопед тізгіндеген азаматтың кәмелетке толмаған жасөспірім екені және көлік басқаруға қажетті жүргізуші куәлігінің жоқтығы анықталды. Заң талаптарына сәйкес, мопед айыптұраққа қойылды. Ал жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік материал сотқа жолданды.


Бөлісу