Негізгі Жаңалықтар ЖОЛДАУ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ

ЖОЛДАУ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ

ЖОЛДАУ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ

Мемлекет басшысының жолдауы ел экономикасын арттырып әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды құжат.  Шымкентте Президент Жолдауының басым бағыттарын тұрғындарға түсіндіру бойынша кездесулер өтті. Жұмыс тобын Ұлттық құрылтайдың І шақырылым депутаты Бахадыр  Нарымбетов бастап келді.  


 Жұмысшы топ Өзбек драма театрында Сайрам тұрғын алабының халқымен кездесті. Басқосуда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері сөз болды. Бахадыр  Нарымбетов Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруда мемлекеттік органдармен қатар қоғамның белсенділігі мен әр азаматтың жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті.


БАХАДЫР  НАРЫМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Әрбір аумақта әрбір қалада құрлыс жүру керек дейді. Ең өзектісі ірі қалалар даму керек деп жатыр. Урбанизация деген мәселе бүкіл әлемде болып жатқан құбылыс. Қалалардың дамуы ғылымның технологияның дамуы деген сөз. Қаланың дамуы оның айналасындағы аумақтарды дамытады.


Елімізде медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында учаскелік қызмет мамандарының жалақысы үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін артады. Бұл өсім 77 мыңнан астам маманды қамтиды.  Алдағы уақытта ауылдық медицина, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін қаржыландыру көлемі ұлғайтылып, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігі кеңейтіледі. Жиында жалақымен бірдей өсетін инфляцияны тұрақтандыру мәселесі де сөз болды.


САТЫБАЛДЫ ДӘУЛЕТАЛИН, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Біз үшін жалақының өсуімен бірге халықтың табысының артуы маңызды.. Осыған байланысты президент үкімет пен ұлттық банкке  нақты тапсырмалар берді. Инфляцияны төмендетуді міндетке қойды. Әрбір отбасы үшін табыстың көлемі ғана емес сол қаржыға қанша тауар алатыны маңызды.


Астанадан арнайы келген жұмыс тобымен жүздескен жұртшылық жолдауды қолдайтындықтарын жеткізді. Ортақ мақсатқа жұмыла кірісіп, ынтымақ бірліктің маңыздылығын тілге тиек етті.    


 БАЯХМАТ ШЕРМЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 Бүгінгі жиналыстан күрделі мәселелер Президентіміздің жолдауы талқыланды. Біз барлығымыз жолдауды қолдаймыз.


Басқосуда жасанды интеллект, цифрландыруды енгізудің қажеттігі, білім-ғылымды ілгерілету, адами капиталды арттыру керектігі айтылды. Президент көтерген мәселелердің бәрі де уақыт талабынан туындаған жағдай.


Бөлісу