ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ ҚАЛДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙДІ
Өндіріс көлемін арттырумен қатар, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайту да маңызды. Шымкент цемент зауыты осы бағытта заманауи технологияларды қолданып келеді. Кәсіпорын өндіріс кезінде бөлінетін шаңды атмосфераға таратпай, арнайы тұйық жүйе арқылы қайта өңдейді. Яғни, ауаға ұшатын қалдық енді өндірістің өзіне қайта оралып, шикізат ретінде пайдаланылады.
Шымкенттің Еңбекші ауданы – өнеркәсіп орындары шоғырланған аумақ. Мұнда бірнеше ірі кәсіпорын орналасқандықтан, өндірістік аймаққа жақын тұратын тұрғындардан ауа сапасына қатысты шағымдар да түсіп тұрады. Жалпы, мегаполисте экологияға әсері бар бірінші санаттағы нысандар қатарында «Стандартцемент», «Шымкентцемент», 3-Жылуэнергоорталық және «ПетроҚазақстанОйлПродактс» бар. Сондықтан эколог мамандар бұл кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін тұрақты бақылауда ұстайды. Атап айтқанда, ауа құрамын тексеріп, зиянды заттар мен шаңның мөлшерін өлшейді.
АСЫЛБЕК СОҒЫСҚАН, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЗЕРТХАНА МАМАНЫ
Арыздың түсуіне байланысты тексереміз. Арыздан бөлек жылына 4 рет мониторинг жасаймыз. Шымкент цемент мекемесінде газанализатор арқылы замер алып, санитарлық қорғау аймағындағы ПДК сы 0,500. Қазіргі таңда қорытындысы 0,06 болып тұр. ПДК ға жетпейді ешқандай. Привышение жоқ.
Мамандар жүргізген соңғы зерттеулерде ауа сапасына қатысты көрсеткіштер белгіленген шектен аспаған. Бұған өндіріс орнында орнатылған заманауи сүзгі жүйелерінің тиімді жұмысы әсер етіп отыр.
РУСЛАН ИСАБАЕВ, «ШЫМКЕНТЦЕМЕНТ» ЖШС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Италия, Қытай және Түркия елдерінің заманауи сүзгі жабдықтары шаңды 99,98%-ға дейін ұстап қалуды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде өнеркәсіптік шығарындылар барынша азайады. Сүзгілерден ұсталған шаңның бір бөлігінің технологиялық процеске қайтарылуы шикізатты үнемдеуге және қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Атмосфералық ауаға таралу есептеулерінің нәтижелері ластану көздерінің шеткі нүктелерінен 1 000 метр қашықтықта шекті рұқсат етілген концентрациялардың асып кетуі байқалмайтынын дәлелдейді. Бұл санитарлық-қорғау аймағының шекарасы мен экологиялық нормалардың сақталғанын көрсетеді.
Зауыттағы экологиялық жаңғырту жұмыстары 2016 жылы басталған. Италия, Қытай және Түркияның заманауи жабдықтары орнатылып, шаңды ұстап қалу жүйесі жетілдірілді. Қазір кәсіпорын шығарындыларды азайтып қана қоймай, ұсталған шаңның бір бөлігін қайта өндірістік айналымға қосып отыр. Бұл – әрі табиғатты қорғауға, әрі шикізатты үнемдеуге мүмкіндік беретін тәсіл. Дегенмен, экологиялық талаптардың сақталуы тек технологияға байланысты емес. Жазда жүргізілген тексеріс кезінде зауыт жұмысынан бірқатар заңбұзушылық анықталған.
ДҮЙСЕН ҚҰЛТІЛЕУОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫ ОРЫНБАСАРЫ
Нормативтен ауытқулар, есептіліктің дұрыс тапсырылмауы сол секілді жеңіл және өрескел бұзушылықтар аныықталған. Сол бойынша біздер әкімшілік құыққбұзушылық бойынша хаттамалар толтырылып, айыппұлдарс алынған болатын. Айыппұлдар өз уақытнда төленген. Қазіргі таңда нұсқамалардың орындалу мерзімі аяқталған жоқ. Орындалып жатыр.
Экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорындарға қатысты бақылау шаралары жалғасып жатыр. Жыл басынан бері қалалық экология департаменті түрлі нысандарға 38 тексеру жүргізген. Нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталып, жалпы сомасы 505 миллион теңге айыппұл салынған. Оның 280 миллион теңгесі өндірілген. Қалған қаражатты өндіру жұмыстары жалғасуда.