Негізгі Жаңалықтар АШЫҚ ТЕРЕЗЕ – ЖАСЫРЫН ҚАУІП

АШЫҚ ТЕРЕЗЕ – ЖАСЫРЫН ҚАУІП

АШЫҚ ТЕРЕЗЕ – ЖАСЫРЫН ҚАУІП

Балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу үшін Шымкентте профилактикалық шаралар күшейтілді. Мамандар көпқабатты үйлерді аралап, ата-аналарға қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Әлеуметтік осал отбасылардың пәтерлеріне терезені бекітетін арнайы құрылғылар да тегін орнатылуда. Тілшіміз шараның барысын көріп қайтты.


 Ашық терезе мен бір сәттік салғырттық бала өміріне үлкен қауіп төндіреді. Әсіресе, көпқабатты үйлерде терезе қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажет. Осыны ескерген мамандар тұрғындарға сақтық шараларын түсіндіріп, терезеге арнайы бекіткіш орнатудың маңызын айтып жүр.


 ДИАС МАҚҰЛБЕКОВ, ТҰРАН АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ, АҒА ЛЕЙТЕНАНТ
 Тұран ауданы төтенше жағдайлар басқармасы және Тұран ауданы әкімдігі Жастар ресурстық орталығы бірлесе отырып, Тұран ауданы аумағында көпқабатты тұрғын үйлерде балалардың терезеден құлауының алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түсіндірме жұмыстары барысында әлеуметтік топтары төмен отбасыларға терезенің оңай ашылуының алдын-алу бойынша бекіткіштер тегін орнатылып беруде. Жыл басынан бері Тұран ауданы аумағында екі қайғылы жағдай орын алды. Бірақ, балалар дін аман сау.


Қауіпсіздік шараларына тұрғындардың өздері де жауапкершілікпен қарайды. Бұл үйде бесінші қабатқа дейінгі пәтерлердің терезелеріне темір тор орнатылған. Үй комитетінің төрайымы Мая Ташболатованың айтуынша, 16 жылдан бері аулада балалардың терезеден құлау оқиғасы тіркелмеген.


МАЯ ТАШБОЛАТОВА, ҮЙ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
 Өзімізге керек қой қауіпсіздік, балаларымызды қорғау. Өзіміз білгенімізді, өзіміз көргенімізді істейміз енді қауіпсіздік үшін балаларға. Балалармен оқиға біздің дворда осы 16 жылдың ішінде болмаған. + Сол үшін мен ойлаймын біздің домымыз сәл қауіпсіздікке қарап жүр. 5 этаждар решетка қойған балаларға 5-4 этаждағылар.


 Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Терезеге орнатылған бекіткіш, қауіпсіздік торы және ата-ананың мұқияттығы қайғылы жағдайдың алдын алады. Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын күшейтіп, балаларды ашық терезе маңында қараусыз қалдырмауға шақырады

Бөлісу