Негізгі Жаңалықтар ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

Ғасырға жуық ғұмырын білім мен ғылымға арнаған ардақты ұстазға құрмет көрсетілді. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ұжымы профессор Қапира Сәдуақасованы «Құрмет» орденімен марапатталуымен құттықтап, арнайы шаңырағына барды.


Ақ жаулықты ұстазды шәкірттері мен әріптестері ыстық ықыласпен қарсы алды. Университет ректоры Қайрат Балабиев ұжым атынан құттықтауын жеткізіп, гүл шоғын табыстады. Қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Қапира Сәдуақасова – саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнап, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген көрнекті ғалым. Ол ұзақ жылдар бойы жоғары білім беру саласында еңбек етіп, отандық тарих ғылымының дамуына сүбелі үлес қосты. Ұстаздың өнегелі жолы мен ғылыми мұрасы өзі еңбек еткен оқу ордасының тарихымен біте қайнасқан. Ғалымның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында университетте Қапира Сәдуақасова атындағы «Ежелгі дүние тарихы» дәрісханасы ашылған болатын. Бұл - ұлағатты ұстаздың есімін ұлықтап, еңбегін келер ұрпаққа аманаттаудың айқын көрінісі.

Бөлісу