Негізгі Жаңалықтар ҒАСЫР ЖАСАҒАН АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ҒАСЫР ЖАСАҒАН АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ҒАСЫР ЖАСАҒАН АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Түркістан облысының Сайрам ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмаджан Анартаев 100 жасқа толды. Ғасыр жасаған майдангерді жергілікті жұртшылық пен әскери ардагерлер кеңесінің өкілдері арнайы құттықтап, құрмет көрсетті.


Салтанатты рәсім Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мерейтой иесіне ҚР Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталып, 100 жасқа толған ардагерге арналған 100 мың теңгелік сыйақы берілді. Ахмаджан Анартаев 1926 жылы Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Польша мен Германия жеріндегі шайқастарға қатысқан. Майдандағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған. Бүгінде майдангер – тоғыз баланың әкесі, 35 немере, 101 шөбере және 50 шөпшектің ардақты атасы.


 БАБАЙ АЛДАБЕРГЕНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Түркістан облысында қазіргі таңда Отан соғысының үш ардагері қалды. Соның бірі – Сайрам ауданында тұратын Ахмаджан Анартаев атамыз. Бүгін 100 жасқа толып отыр. Республикалық қоғамдық бірлестіктің орталық кеңесінің төрағасы, армия генералы, Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаевтың құттықтау хатын табыстадық. Сонымен қатар біздің «100 жасқа – 100 мың теңге» атты акциямыз бар. Соның аясында ардагерге 100 мың теңге сыйақы берілді.

Бөлісу