Негізгі Жаңалықтар БІРГЕ ОҚИМЫЗ, БІРГЕ ОЙЛАЙМЫЗ!

БІРГЕ ОҚИМЫЗ, БІРГЕ ОЙЛАЙМЫЗ!

Кітап оқуға қызығушылықты қалай арттырамыз? Түркістанда осы сауал төңірегінде әдеби басқосу ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясындағы «Бірге оқимыз, бірге ойлаймыз!» кездесуінде ұлттық әдеби мұраны насихаттау мен жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын ояту мәселелері қозғалды.


Басқосуда кітапсүйер қауым, жастар мен студенттер үш көрнекті туындыны талқылады. Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» және Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» шығармалары негізінде пікір алмасты. Кейіпкерлер тағдыры мен туындылардағы тағылымды ойлар ортаға салынды.


БАУЫРЖАН ЕРМАН, «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ
Бұған дейін де бірнеше шығарма талқыланып жатыр. Мен ойлаймын мұндай жобалар бізге керек. Ертең елдің тұтқасын ұстайтын осындай білімді азамттар болғандықтан мұндай жобалардың маңызы зор деп ойлаймын. Және де мемлекет басшысы Қаым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «кітап оқитын ұлт» жобасын айта кету керек осы орайда. Осы жоба басталғалы елімізде кітапқа үңілетін, кітап оқитын азаматтардың қатары артып келе жатыр.


Кітапты заманауи тәсілдермен насихаттау да назардан тыс қалмады. Қатысушылар отандық және әлемдік әдебиеттің үздік туындыларын талқылап, оқыған кітаптарынан түйген ойларын бөлісті. Жастар кітап таңдау мен оны жүйелі оқудың тиімді жолдары жөнінде пікір алмасты.


ӘСЕМ, СТУДЕНТ
Қазір жастарға Ақын жұлдыз, Қасым-Жомарт Тоаевтың кітаптарын үлкен том кітаптарды қалай оқытамыз? Біз бұл жерде балаларды телефоннан ешқалай шектей алмаймыз. Себебі біздің жалпы басты құралымыз ғой. Бұл жерде кітап пен телефонды байланыстыруымыз қажет. Кітаптағы шығармаларды балалар қызығатындай әлеуметтік желілерге қысқаша мазмұндарын, цитаталарды салу арқылы сол балаларды, жастарды кітап оқуға сол кішкене ғана мазмұнмен қызықтыра алсақ оқитын жастарың саны көбейер еді деп ойлаймын.


Әдеби кеш зияткерлік сайыспен жалғасты. Қатысушылар қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Ал жас өнерпаздар Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романынан сахналық көрініс ұсынды. Кездесу соңында викторина жеңімпаздары марапатталды.

Бөлісу