400-ДЕН АСТАМ ТЕХНИКА ҚЫСҚА ДАЙЫН
Қар жауса да, жол қозғалысы тоқтамауы тиіс. Түркістан облысында автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына дайындық пысықталды. Алдағы маусымда 402 арнайы техника мен 1068 жұмысшы жұмылдырылады. Көктайғақтың алдын алу, қар тазалау және жолда қалған жолаушыларға көмек көрсету шаралары да назардан тыс қалмайды.
2026-2027 жылғы қысқы маусымға дайындыққа 505,1 миллион теңге қаралған. Жолдарды күтіп-ұстауға қажетті техника әзірленіп, инертті материалдар қоры жасақталуда. Мамандардың мәліметінше, 15 қарашаға дейін қажетті материалдарды толық жинақтау жоспарланған.
МЕЙІРЖАН ЖАЛАИРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін инертті материалдар толығымен жиналатын болады.Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына тұрақты түрде тұз құм себілетін болады. Биыл жолдарды күтіп-ұстауға қажетті 7 мың текше метр құм мен 6 мың тонна тұз толық көлемде сатып алынған. Сонымен қатар жол пайдалану бөлімшелері мен пункттерді жылыту үшін 90 тонна көмір әзірленген
Қыс қаһарына мінгенде жолда қалған жолаушылар да назардан тыс қалмайды. Бәйдібек ауданындағы Шыбықбел, Одаманбұлақ және Созақ ауданындағы Ащысай асуларында төрт жылыту бекеті әзірленген. Олар көмірмен, азық-түлікпен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бекеттер бір мезетте 70 адамға дейін қабылдай алады.
ЕРБОЛ ПІРІМБЕТОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Нұралхан мырза өзіңіз техникаларға қатысты мәселе көтерген болатынсыздар сол бойынша Түркістан облысына қосымша техникалар алынып жатыр. Оның ішінде автогрейдер секілді түрлі жабдықтар да бар.
Өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 678 шақырым. Бұл бағытта 25 кешенді жол машинасы, 12 жүк тиегіш, 8 автогрейдер және өзге де арнайы техника жұмыс істейді. Бұған қоса, облысқа қосымша техникалар жеткізу көзделген. Облыс әкімі жауапты мекемелерге қысқы маусымда жолдардың үздіксіз әрі қауіпсіз қатынасын қамтамасыз етуді тапсырды.