ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ОҢАЛТУ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Діни оңалту жұмысының нәтижесі маманның білімі мен кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Түркістанда осы сала мамандарына арналған республикалық біліктілікті арттыру семинары өтті. Басқосуға облыстың аудан-қалаларындағы дін саласына жауапты мамандар мен жетекшілер жиналды. Негізгі міндет – тәжірибе алмасу, кәсіби дағдыны жетілдіру және оңалту жұмыстарының тиімділігін арттыру.
Бүгінде елімізде діни оңалту жұмыстарына 500-ге жуық маман тартылған. Оның 385-і – теолог, қалғаны – дінтанушы мен психолог. Ал 204 маман әкімдіктердің дін істері басқармалары мен дін мәселелерін зерттеу орталықтарында еңбек етеді. Бұл бағытта теологтардың психологиялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі айрықша маңызды. Өйткені оңалту кезінде адамның жеке ерекшелігі мен психологиялық жай-күйін ескеру қажет. Осы мәселелер семинарда кеңінен қозғалып, қатысушылар өз тәжірибелеріндегі түйткілдерді ортаға салды. Еркін пікір алмасу мен сұрақ-жауап форматындағы кездесуде мамандар өзара ықпалдастықты күшейту жолдарын да талқылады.
МАҚСАТ РАМАНҚҰЛОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ ДІН ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Осыған байланысты теологтардың психологиялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, сондай-ақ теологтардың өзара іс-қимылын жүйелеуі маңызды. Оңалту процесінде адамның психологиялық жай-күйі мен жеке ерекшеліктерін ескеру қажет».