Негізгі Жаңалықтар 406 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 108 НЫСАН САЛЫНАДЫ

406 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 108 НЫСАН САЛЫНАДЫ

Түркістан облысында алдағы үш жылда 406 млрд теңгеге 108 инфрақұрылымдық нысан салынып, жаңғыртылады. Бұл жобалар Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асады. Өңірдің алдағы даму жоспары облыс әкімдігінде өткен алқа отырысында қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті.


 «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында 2027-2029 жылдары әлеуметтік нысандардың құрылысына басымдық беріледі. Жоспар бойынша денсаулық сақтау саласына 131,6 млрд теңге бөлініп, 4 нысан, білім беру саласында 48,2 млрд теңгеге 22 нысан бой көтереді. Сонымен қатар мәдениет саласында 6,9 млрд теңгеге 11, спорт саласында 22,3 млрд теңгеге 8 нысан салу және жаңғырту көзделген.


КҮМІСБЕК ЖАППАР, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Кезекті алқа отырысында баяндама жасаған Жолдауда белгіленген 12 басым бағыт аясында өңірде атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды. Соның ішінде инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше басымдық берілген.


 Өңір экономикасын өркендетуде инвестиция тарту да маңызды бағыттың бірі. 2026-2029 жылдарға жалпы құны 3,2 трлн теңгені құрайтын 142 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылған. Нәтижесінде 18 981 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Ал шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 22,5 пайызға өсіп, 1,8 трлн теңгеге жеткен.


 ГҮЛФАРИ ӘЖІМЕТОВА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ағымдағы жылға 111 индикатор бекітілген.


Жиынды қорытындылаған облыс әкімі белгіленген межелерге уақытылы қол жеткізуді тапсырды. Әсіресе, инвестициялық жобаларды іске қосу, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелілігін арттыру міндетін жүктеді.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жергілікті әкімдерге 12 бағыттан тұратын нақты тапсырмалар берілді.  


Бұдан бөлек, өңір басшысы жоспарлы көрсеткіштері төмен аудандар мен қалалардың әкімдеріне, басқарма басшыларына сын-ескертпелерін айтты. Жауапты тұлғаларға жұмысты жандандырып, белгіленген индикаторлардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу