ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мемлекет басшысының Жолдауында ел дамуының алдағы кезеңіне арналған бірқатар стратегиялық міндет айқындалды. Олардың қатарында білім мен ғылымды дамыту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және жастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру мәселелері бар. Осы басымдықтар Шымкенттегі Жұмабек Тәшенев атындағы университетте өткен жиында талқыланды. Басқосуға ғалымдар, қоғам өкілдері мен студенттер қатысып, ел болашағына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Президент Жолдауында қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және конституциялық құндылықтарды күнделікті өмірде орнықтыру мәселелеріне ерекше мән берілген. Бұл ретте әр азаматтың құқықтық мәдениеті мен қоғамдық жауапкершілігі маңызды. Жиында осы бағыттардың мәні мен жаңа қоғамдық әдепті қалыптастырудағы рөлі сөз болды.
ӘБДЕЗ РАХМАН, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
Мемлекет басшысы өзінің жолдауында жаңа қоғамдық әдеп қалыптастыру туралы айтты. Қандай да бір істі бастағың келетін болса, ынтымақ болмаса, ол жерде береке болмайды. Жаңа қоғамдық әдеп дегеніміз- енді ол көшеде өзін таза ұстау, тәртіпті болу, барлық нәрсеге жауапкершілікпен қарау. Тек қана анау көшедегі коммуналдық саланың қызметкерлері ғана көшені жинау керек деп қоқысымызды тастап кете беретін болсақ, онда біздің қаламыз Шымқала жасыл қала болмайды. Қоқып қалаға айналамыз. Сондықтан жаңа әдепті күнделікті өмірде қолдану керек.
Жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақтың көзқарасы мен белсенділігі де маңызды. Себебі елдің ертеңі бүгінгі білімді жастардың әлеуетіне тікелей байланысты. Жолдауда білім беру жүйесін жетілдірумен қатар, заманауи технологияларды меңгерген және қоғам сұранысына бейім мамандар даярлау міндеттері де қамтылған. Бұл бағытта студент жастардың да айтары бар.
АЙНҰР БАЗАРБАЙ, СТУДЕНТТІК РЕКТОР
Білім мен ғылымды дамыту, цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу және адами капиталды нығайту, ел дамуының басты міндеттері деп айқындап көрсеткен болатын. Және де мемлекет басшысы өзінің сөзінде инклюзивті білім беру бағдарламасында ерекше атап өткен болатын. Себебі, қазіргі таңда 237 мыңнан астам бала соны ерекше білім алуға қазір мұқтаж болып тұр. Соған байланысты білікті маманарды дайындап арнайы, білім ордаларын ашып соларға. * Қоғамдық өмірде де өз орнын тапсын деген ниетпен мемлекет басшысы сондай тапсырма берген болатын.
Жиын барысында Президент Жолдауындағы басым бағыттар әр қырынан талқыланып, қоғам дамуына қатысты ұсыныстар айтылды. Кездесу жастардың елдік мәселелерге қатысты көзқарасын білдіруіне де мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылар мұндай пікір алмасулар азаматтық белсенділікті арттырып, ортақ мақсат төңірегінде топтасуға ықпал ететінін атап өтті.