Негізгі Жаңалықтар ӘНМЕН ӨРІЛГЕН ӘЛЕМ

ӘНМЕН ӨРІЛГЕН ӘЛЕМ

Қазақ музыка өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырған талантты композитор, әнші Құралай Сәтмұхамбеттің жеке ән кеші өтті. Ауқымды рухани іс-шараға зиялы қауым өкілдері, композитордың әріптестері мен қала халқы жиналды.


Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, 150-ден астам әннің авторы Құралай Сәтмұхамбетованың шығармашылығы көпшілікке жақсы таныс. Оның анаға құрмет пен отансүйгіштік рухында жазған әндері талайдың жүрегінен орын тапқан. Рухани кеште композитордың танымал туындылары орындалып, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.


ҚҰРАЛАЙ СӘТМҰХАМБЕТОВА, КОМПОЗИТОР, ӘНШІ
Осы кезге дейін 150-ден астам ән жаздым.Одан да көп болуы мүмкін.Әндерім әр түрлі тақырыпта. Балаларға арналған, туған жер, махаббат туралы әндерім бар. «Аппақ гүлдер», «Ауылға барам» сияқты әндерім қай аймаққа барсам да, шырқалып жатады.


 Ән мен әуенге құрылған бұл кешке келгендердің қарасы қалың. Сахна төрінде композитордың өмір жолы мен туындылары сырға толы қойылымдармен өрілді. Әншінің әріптестері шығармалардың тарихына да үңіліп, өткен шақтан сыр шертті.


АБЫЛАЙХАН ОСПАНОВ,  ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ
Мен Құралай ханыммен студенттік жылдардан бері таныспын.Ол сол сәтте Қуаныш Төлеметовтің он шақты әніне ән жазды.Бізді әкішілікке шақырған кезде сол он әннің ішінен мен «Аппақ гүлдерді» таңдадым. Әнді жылдам темпке аударған да мен едім.


Шығармашылық кеште белгілі композиторға қала әкімінің орынбасары құрмет көрсетті. Құттықтау хат оқылып, өнер иесінің иығына қазақы дәстүрмен шапан жабылып, «Ән әлемінің аққуы» төсбелгісі табысталды.Ал жиналған көрермен өнерпаздарды қошеметке бөледі.

Бөлісу