Негізгі Жаңалықтар 50 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

50 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Шымкентте тағы 50 отбасының көптен күткен арманы орындалды. Жылдар бойы пәтер жалдап, өз шаңырағын аңсап күткен тұрғындарға жаңа баспана кілті табысталды. Салтанатты жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.


Жаңа үй, жаңа үміт, жаңа өмір. Қуанышқа кенелген тұрғындарға баспана Асар-2, Бозарық, Тұран шағынаудандары мен 189-шы орамнан берілді. Сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлер кезекте тұрған жандарға үлестірілді.


КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Сатып алу құқығының екі түрі бар. Біріншісі-өтеусіз, тегін. Ал екіншісі-пәтердің қалдық құны бойынша сатып алады. Жаңа әрлеудегі барлық коммуникациялар қосылған.


 Қазіргі таңда шаһарда тұрғын үй кезегіне 90 мыңнан астам азамат тіркелген. Қала тұрғыны Лаура Әбішова – көпбалалы ана. Сегіз жыл бойы баспаналы болуды армандаған ол, биыл  Бозарық шағынауданындағы екі бөлмелі пәтерге ие болды.


ЛАУРА ӘБІШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
2018 жылы үй кезекке тұрдым көпбалалы ана ретінде.Қазір алты баланың анасымын.Алдымен хабарлама келді, «жалдамалы шартпен үй аласыз» деген.Қуаныштымын, бұл балаларымның несібесі деп ойлаймын.


Шаһарда тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Мәселен, былтыр осы санат бойынша 1 500-ге жуық азамат жаңа пәтердің кілтін алып, қоныс тойын атап өткен. Ал берілген жаңа үйлер тұрғындарға қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.

Бөлісу