ҮЗДІК КӨШЕ АНЫҚТАЛДЫ
Туған жерге деген сүйіспеншілік тазалықтан басталады. Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүзеге асып келеді. Аудан орталығындағы жүзден астам көшенің санитарлық тазалығын сақтап, қоршаған ортаға жанашырлық танытып жүрген тұрғындардың еңбегі ескеріліп, үздіктер марапатталды.
Таза әрі көрікті көше – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Жыл басынан бері атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде «Саяжай» шағынауданындағы көше үздік деп танылды. Салтанатты жиында ауыл әкімі жеңімпаз атанған көше тұрғындарының еңбегін жоғары бағалап, бағалы сыйлықтар табыстады.
СӘКЕН АТЫМТАЕВ, ҚАЗЫҒҰРТ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ
Мемлекет басшысының экологиялық акциясын дәріптеу мақсатында осындай байқаулар ұйымдастырып жатырмыз.Қазір қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосқан Төлепов Ануар ағамызға ауыл әкімінің алғыс хаты берілді.Мақсат біреу – осы ауыл тұрғындарын тазалыққа шақыру.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл науқан қоршаған ортаны қорғауды көздейді. Басқосуда сөз алған қоғам өкілдері елдіктің бірлігі тазалықтан басталатынын атап өтті.
ҚАЛДАРБЕК ТҰРСЫНБЕКОВ, «БИЛЕР КЕҢЕСІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ МҮШЕСІ
Аудан орталығында көше билерін сайлап, ауыл әкімімен бірлесіп, экологиялық акцияға үлес қосып жүрміз.Тазалықты сақтап, қазір ауылда үлкен жұмыс атқарып жүрміз.
Алқалы жиында алдағы атқарылар жұмыстар да пысықталды. Тазалықты мұрат еткен қазығұрттықтар бұл игі бастаманың әрқашан басы-қасында болатынын жеткізді.