Негізгі Жаңалықтар ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жол жөндеу, интернет сапасы, жер телімдерін бөлу және тұрғын үй мәселесі. Төлеби ауданы тұрғындары облыс әкіміне осындай бірқатар өтінішін жеткізді. Нұралхан Көшеров жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.


Қабылдауда инфрақұрылымды жақсарту, ұялы байланыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және спорт саласын дамыту мәселелері көтерілді. Өңір басшысы әрбір өтінішті жеке қарастырып, жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар берді. Көтерілген мәселелердің шешу жолдары заң аясында зерделенеді. Ал бірқатар өтініш сол жерде шешімін тапты. Облыс әкімі тұрғындардың талап-тілегін назардан тыс қалдырмай, тиісті жұмыстарды бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Бөлісу