Негізгі Жаңалықтар БІР ТОП БАЛАНЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ

БІР ТОП БАЛАНЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ

БІР ТОП БАЛАНЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ

Түркістанда ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерді қуанышқа бөлейтін «Армандар орындалады» әлеуметтік жобасының кезекті жиыны өтті. Төрт жыл ішінде облыстың түкпір-түкпірінен хат жолдаған мыңға жуық баланың тілегін орындаған ізгі бастама бұл жолы Арыс, Сауран аудандары мен облыс орталығының бүлдіршіндерін жинады.


Ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылған бұл жолғы кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бастаған басқарма басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Ақ жағалылар бүлдіршіндердің ақтарылып жазған ақжарма тілектерін орындады. Қайырымды жоба осы сәтке дейін талай шаңыраққа шаттық сыйлап, ерекше балалардың қоғамға етене араласуына жол ашып келеді. Перзентінің жүзіндегі бақытты көрген ата-аналар да жүрекжарды тілегін жаудырды.


АСЕЛЬ БИМЫРЗАЕВА, ЖОБА АВТОРЫ
Бұл жобамыз төрт жылдан асты. Бүгінгі таңда 1113 адамның арманы орындалды.Егер балаларға көмектесемін деушілер болса, әлі алда талай биікті бағындырамыз.Бұл жерде тағы он баланың арманын орындайын деп тұрмыз.Балалар ойын алаңшасымен бірге бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтеру мақсатында осындай салтанатты кеш ұйымдастырдық.


Бөлісу