Негізгі Жаңалықтар АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК

АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК

АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында кезекті рет тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке 700-ден астам адам атсалысты. Олар көшені күл-қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді.


 Ауқымды экологиялық акция қалада апта сайын ұйымдастырылады. Кезекті рет өткен іс-шарада қатысушылар көшелерді қоқыстан тазартып, қураған ағаштардың бұталарын кесті. Арық-атыздарды тазалап, қаланы көркейту үшін көше бойына ағаш екті. Сенбілікке қатысқан белсенділер әр қала тұрғыны өз ауласын таза ұстау қажеттігін жеткізді.


ҚАНАТ ИСАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ «ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН» МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ
«Жасыл Түркістан», су басқармалары бірігіп, бүгін сенбілік ұйымдастырып жатырмыз.Белсенділер үш түрлі тал екті.Бұл ауқымды шараға 700-ге жуық адам қатысты.Мердігерлер де өз тарапынан тал егіп, жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Бөлісу