9 ЕЛДІҢ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Жасанды интеллект білім беру жүйесіне тың серпін беріп, университеттердің даму бағытын өзгертуде. Ендігі міндет - жаңа технологияны оқу үдерісіне тиімді енгізіп, ғылым мен академиялық әлеуетті арттыру. Осы мәселелер Жұмабек Тәшенев атындағы университетте өткен халықаралық форумда кеңінен талқыланды. «Болашақ университеті: жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылық, зерттеулер және білім беру» тақырыбындағы жиынға 9 елдің өкілдері қатысты.
Халықаралық форумға 14 жоғары оқу орнының басшылары, ғалымдар мен сарапшылар жиналды. Қазақстан, АҚШ, Иордания, Болгария, Ресей, Қырғызстан, Нидерланд, Франция және Португалия елдерінен келген делегаттар жоғары білімнің болашағын, ғылыми зерттеулерді дамытуды және университеттердің жаңа миссиясын талқылады.
ЖАНАР РЫСБЕКОВА, Ж.А. ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ
Өздеріңіз көріп жатсыздар қазір жасанды интелект лабороториясы ашылып жатын басқа да оқу бағдарламалары жүзеге асып жатыр. Кибер қауіпсіздік кибер мәдениет секілді жаңа оқу бағдарламаларымыз бар Десекте шетелдік оқу орындарының тәжірибесімен танысу керекпіз.
Форумның алғашқы пленарлық сессиясы жасанды интеллектінің білім беру жүйесін трансформациялаудағы рөліне арналды. Қатысушылар цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу, академиялық басқару мен білім сапасын арттыру мәселелерін ортаға салды. Сонымен қатар академиялық адалдық пен зерттеу мәдениетін сақтау қажеттігіне назар аударылды.
ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ, ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ
Жасанды интелект адамзаттың ойлау білім алу, іздену деңгейін кеңейтіп отыр. Технологияның дамуы жаңа құралдарды игеру ғана емес академиялық адалдықты сақтау, зерттеу мәдениетін жетілдіру міндеттерін де қояды.
Ал екінші пленарлық сессияда университеттік көшбасшылық пен жаһандық әріптестік мәселелері сөз болды. Ғалымдар халықаралық академиялық байланысты кеңейту, бірлескен ғылыми жобаларды дамыту және жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде пікір алмасты. Форум тәжірибе алмасып қана қоймай, білім мен ғылым саласындағы жаңа серіктестіктерге жол ашты.