КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕР КОНГРЕССТЕ БАС ҚОСТЫ
Киелі Түркістан еліміздің түкпір-түкпірінен келген іскер әйелдердің басын қосқан ортақ диалог алаңына айналды. Дүниежүзілік әйелдер кәсіпкерлігі күніне орай өткен ұлттық конгрессте бизнесті өрістету жайы талқыланды.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған алқалы жиында құрылтайдың вице-спикері Дания Еспаева әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың кешенді тұжырымдамасын әзірлеу бастамасын көтерді. Басқосу барысында бизнесті цифрландыру жайы да сөз болды. Ал комитет төрағасы Лейла Күленова өңірлік ұйымдардың өзара тәжірибе алмасуы ортақ түйткілдерді бірлесе шешуге серпін беретінін жеткізді. Түркістандық кәсіпкерлер өзге өңірлерден келген әріптестерімен тікелей байланыс орнатып, тауар жеткізу мен бірлескен жобаларды іске асыру тетіктерін пысықтады. Ендігі басты меже – осы алаңда басталған келіссөздерді табысты жобаға айналдыру.
НҰРЛАН АСАНОВ, ДІНТАНУШЫ, ТЕОЛОГ
Әрбір жан, оның ішінде әйел заты дамып, алға ұмтылып, кәсіп ашып, қоғамда өз орны бар екенін сезіну-үлкен дәреже.Қоғамда мұндай нәзік жандылар көп.Бұл әрине, қошеметке, алғысқа тұрарлық дүние деп ойлаймын.