БІЛІМ. БАҒДАР. БОЛАШАҚ
«Білім. Бағдар. Болашақ». Шымкентте мектеп бітіруші түлектерге арналған ауқымды мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Жиынға екі мыңнан астам оқушы жиналды. Олардың арасында «Алтын белгі» иегерлері мен үздік аттестатқа үміткер 500 түлек бар.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған басқосудың басты бағдары – жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, болашақ мамандығын саналы таңдауына жол көрсету. Кездесуде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жас түлектерге ақ тілегін арнап, алдағы маңызды белестерді бағындыруға жігерлендірді. Сондай-ақ университет ұжымының білім беру мен жастарды қолдау бағытындағы еңбегіне сәттілік тіледі.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іденуіміз керек білім алуымыз керек, ғылымды, технолгияны, жаңа инновацияны меңгеруіміз керек. Сол арқылы біз озық елдердің алдына шыға аламыз. Әлемде 5 мыңға жуық ұлт бар. Оның нақты қалыптасып тілін дәстүрін сақтағаны 2 мың ғана. 5 мың ұлттың 200 дейінде ғана өзінің ұлттық мемлекеті бар.
Білім мен ғылымды игеру – бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудың басты шарты. Ал мамандық таңдау – әр түлектің өміріндегі маңызды шешім. Осы орайда оқушылар кәсіби мамандармен жүздесіп, сұрақтарына жауап алды. Жоғары оқу орнына түсу, мемлекеттік білім грантын иелену және студенттік өмірге бейімделу мәселелері де назардан тыс қалмады.
МҰХТАР ТӨЛЕГЕН, МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
Шымкент қаласының әкімдігі жыл сайын 285 грант бөліп отыр. Бұл мемлекеттің жастарды қолдағанын білдіреді. Шымкентте оқу бір бақыт Біздің университетте оқу мың бақыт. Бізде әдебиетте бар, мәдениетте бар, ғылым да бар, бәрі бар.
Жиынның тағы бір ерекшелігі – білімді жастарды ынталандыруға бағытталған марапаттау рәсімі. Шара аясында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұйымдастырған QUIZ зияткерлік ойындарының жеңімпаздарына жүлделер табысталды. Сонымен қатар шәкірттерінің білім бәйгесінде биіктен көрінуіне үлес қосқан мектеп басшылары да құрметке бөленді.
ДИЯС АДЫРБЕКОВ, QUIZ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Әуезов университеті ұйымдастырған жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Біз әкімшілікке өз алғысымызды бірдіреміз. 500 мың теңге жүлде қорын ұтып алдық.
ЖАНАР ТОЙЛЫБАЕВА, №23 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Әуезов атындағы төсбелгімен марапатталып отырмын Біздің бітіруші түлектеріміздің басым көпшілігі осы оқу ордасына мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен екен. Грантта оқитындардың көбі біздің мектептің түлектері.
Салтанатты басқосу өнерпаздардың әсем әуенімен, жастардың жалынды өнерімен жалғасты. Университеттің «Қаракөз» би ансамблі сахна төрінде өнер көрсетсе, «Мадмуазел» жайдарман командасы көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осылайша білім мен өнер тоғысқан кездесу мектеп бітіруші жастарға жаңа серпін берді.