БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін – 17 қараша, Халықаралық студенттер күні. Мерекеге орай Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығында салтанатты жиын өтті. Басқосуда білім мен қоғамдық өмірде белсенділігімен көзге түскен жастар марапатталды.
Шымкентте 150 мыңға жуық студент бар. Олардың қатарында білімін қоғамдық бастамалармен ұштастырып, түрлі жобаларға белсене атсалысып жүрген жастар аз емес. Бұл жолы қаладағы 9 жоғары оқу орны мен 35 колледждің студенттері бас қосты. Мерекелік шара аясында үздік белсенділігімен танылған 40-қа жуық жасқа арнайы марапаттар табысталды.
ҚУАНЫШ СЕРІКБАЙ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
- “Шымкент қаласында 428 мыңнан астам жас бар. Оның ішінде студенттердің саны 150 мыңға жуық. Сол 150 мың жастың ішінен 40 жасты марапаттап, жалпы застар арасында белсенділік өмірге шақыру мақсатында өткізіліп жатқан іс-шарамыз.”
Марапат иелерінің бірі – Нұрзат Жұман. Ол Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 4-курс студенті. Жастардың еңбегіне берілген мұндай баға оның алдағы жұмысына да жігер қосатыны анық.
НҰРЗАТ ЖҰМАН, СТУДЕНТ
- “ Осы мерекеде біздің атқарып жатқан ісімізге, атқарып жатқан жұмыстарымызға елеп-ескепіп марапат беріп жатыр. Бұл әрине бізге үлкен қуаныш. Біздің еңбегіміз еленіп жатқанына біз жауап кершілікпен ары қарайда жұмыс істеуіміз ары қарайда бізге осылай сенім бідіріп марапат табыстап жатқаны бізді қуантады.”
Мерекелік кездесу концерттік бағдарламаға ұласты. Студенттердің жетістігін ұлықтап, белсенді жастарға қолдау көрсетуге бағытталған дәстүрлі шара осылайша мерекелік көңіл күймен түйінделді.