Негізгі Жаңалықтар ЖАЛҒАН НӨМІР ТАҚҚАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

ЖАЛҒАН НӨМІР ТАҚҚАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Шымкентте жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды. Патрульдік полиция қызметкерлері жарық шамдарын қоспай қозғалған Hyundai Grandeur автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықты анықтады.

Белгілі болғандай, көлікке тағылған мемлекеттік тіркеу нөмірі жалған болып шыққан. Осы дерек бойынша әкімшілік материалдар жинақталып, іс сотқа жолданды. Сот шешімімен жүргізуші екі тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Ал автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция өкілдері жалған мемлекеттік нөмірді пайдаланғаны үшін заңда қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.


Бөлісу