200 ЖАҢА КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Биыл елде жалпы инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгеден асатын 200 жаңа өндірістік жоба іске қосылмақ. Нәтижесінде жалпы саны 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі мәлімдеді. Оның айтуынша, он айдың қорытындысы бойынша елімізде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9,3%-ға өскен. Ал жыл басынан бері жалпы инвестиция көлемі 900 млрд теңгені құрайтын 125 жоба пайдалануға берілді. Жаңа кәсіпорындар толық қуатына шыққан кезде жыл сайын шамамен 1,5 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, оның 500 млрд теңгесі экспортқа бағытталады. Жобаның ерекшелігі – Қазақстанда бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлерін игеру. Олардың қатарында теміржол доңғалақтары, престеу жабдықтары, ламинат, тамшылатып суару жүйелері мен кофе машиналарына арналған алюминий капсуласы бар.