Негізгі Жаңалықтар ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Шымкенттің бірқатар аумақтарында электр жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Биыл қала бойынша ұзындығы 215 шақырымнан астам электр желісі жаңартылып, оған қоса, 245 трансформаторлық қондырғылар жаңғыртылды. Бұл жұмыстар электрмен жабдықтау сапасын жақсартып, желілерге түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.


Шымкентте халық саны күн санап артуына байланысты энергетикалық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен үздіксіз жаңғыртып отыру уақыттың талабы. Ерте көктемнен қара күзге дейін энергетиктер тыным таппай шаһардың бірнеше шағын аудандарында қызу еңбек етті. Биылғы межеде 245 трансфортматорлық қондырғы жаңғыртылды. Тұран және Қазығұрт шағын аудандары бойынша инвестициялық бағдарлама аясында қуаттылығы арттырылған 8 су жаңа трансформатор орнатылды.  Соның нәтижесінде бұрын электр жүктемесі жоғары болған аумақтардың мәселесі шешілді.


 БАХТЫБАЙ МАРАТОВ, АБАЙ АУДАНДЫҚ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ  БАС ИНЖЕНЕРІ
Тұран ауданы бойынша биыл трансформаторлық қондырғыларды реконструкциялау-инвестициялық бағдарламасы бойынша 8 трансформатор ауыстырылды. Реконструкция барысында қуаттылығын күшейтіп, заманауи шкафтар қойып, ескірген трансформаторларды жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мына трансформатордың өзіне бұрын жаздыгүні тоқтың шамадан тыс жүктелуіне байланысты көп шағым түсетін еді. Қазір шағымдарды сәл жеңіп жатырмыз. Құдай қаласа, мынау 117 жеке тұлға, 15 коммерциялық нысан бар. Бұның қуаттылығы – 630. Кезінде бұл 400 болатын. 00:45–00:59 Желілерді жаңарту барысында Қазығұрт ауданына тағы да қосымша 2 трансформатор қойылды. Қазір шамамен 8 трансформатор қойылып тұр. Барлығының қуаттылығы ауыстырылып, жаңартылды. Сонымен қатар биыл 20/3 километр әуе желілерін СИП-ке ауыстыру жұмыстары жүргізілді.


 Әл-Фараби ауданында да қуаттылығы арттырылған су жаңа 6 трансформатор орнатылған. 2,5 шақырым СИП желілері және тағы 2,5 шақырым жер асты кабельді желілері жаңадан тартылыпты. Қаланың орталық бөлігін электр қуатымен қамтитын 21-ші тарату пункті толықтай жаңартылған. Онда 16 ұяшық құралдары орнатылыпты. Бұл жұмыстар электр желілерінің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.


 БАХТЫБЕК ТӨРЕХАНОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ
 Қазіргі таңда 2026 жылдың жоспарлы жұмыстары бойынша 6 дана трансформатор қондырғысының жұмыстары толықтай аяқталды. Сонымен қатар РП-21 қосалқы станциясының ішкі құрылғылары бойынша барлық жұмыстарды толықтай аяқтап біттік. Қысқы және күзгі маусымға арналған жоспарлы жұмыстарымыздың барлығы толықтай аяқталды. Қазіргі таңда біз қысқы және күзгі маусымға дайынбыз. Айта кететін болсақ, жоғары кернеулі жерасты кабельдерінің биыл, 2026 жылы, 2450 метрін толықтай ауыстырып біттік.


Жаңғырту жұмыстары аясында заман талабына сай, электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі де енгізіліп жатыр. Бүгінге дейін мұндай құрылғының  2350 данасы орнатылған. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің өз инвестициялық бағдарламасы бойынша бұл жұмыстарға жұмсалған қаржы көлемі 2 млрд 601 млн теңгені құрайды. Қаладағы энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары келесі жылы да кезең-кезеңімен жалғаспақ.

Бөлісу