Негізгі Жаңалықтар МАС КҮЙДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Шымкентте мас күйде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды. Патрульдік полиция қызметкерлері жолда ретсіз қозғалған «Changan» автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екенін анықтады.

Медициналық куәландыру да жүргізушінің мас болғанын растады. Сот шешімімен азамат 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция өкілдері мас күйде рөлге отыру адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылық үшін заңда қатаң жаза қарастырылған.

Бөлісу