Негізгі Жаңалықтар ЕҢБЕК ЕТЕМІН ДЕГЕН АЗАМАТҚА ЖҰМЫС ЖЕТКІЛІКТІ

ЕҢБЕК ЕТЕМІН ДЕГЕН АЗАМАТҚА ЖҰМЫС ЖЕТКІЛІКТІ

Ұлттық статистка бюросының мәліметінше, 2026 жылдың III тоқсанында елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құраған. 15 жастан асқан халықтың 64,3%-ы жұмыс істейді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны 73,3 мыңға өскен. Олардың басым бөлігі сауда мен білім беру саласында, өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында еңбек етеді.

Ал жұмыс істемейтін, білім алмайтын және кәсіби даярлықтан өтпейтін жастардың үлесі 5,6%-ды құрады. Сарапшылар, NEET  санатына енген, жұмыс істеуге құлықсыз жастарға психологилық кеңес берілетінін айтады. Яғни, жастар ата-анамен қоғамға масыл болмай, өз бетінше табыс табуы қажет. Ел мен өз болашағы үшін әрекеттеніп, пайдалы іспен айналысқаны жөн. Қазір елімізде жұмыс істеймін деген азаматқа қажетті жағдай жасалған. Екі қолға бір күрек табылады. Түрлі бағдарламалар мен жұмыспен қамту шаралары қабылданған, - дейді мамандар.

Бөлісу