ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ
Ерлік – елге өнеге. Түркістандық оқушыларға ел тыныштығы үшін жанын қиған полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың қаһармандық жолы таныстырылды. Тағылымды кездесу жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухын сіңіруге арналды.
Тағылымды шараға 100-ге жуық оқушы қатысты. Кездесуде 2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовтың өмірі мен қызметі баяндалды. Ол қылмыскер лақтырған гранатаны өз кеудесімен жауып, әріптестерінің өмірін сақтап қалды. Осы ерлігі үшін оған қайтыс болғаннан кейін «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Кездесуде полиция қызметінің жауапкершілігі, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және Отанға адал қызмет ету тақырыптары қозғалды. Батырдың өмір жолы оқушыларға ерліктің, қайсарлық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі ретінде ұсынылды.