Негізгі Жаңалықтар АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ФОРУМЫ

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ФОРУМЫ

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Осыған орай Түркістан қаласында «БІРГЕ – АИТВ-СІЗ БОЛАШАҚҚА!» атты қалалық форум ұйымдастырылды. Жиында жастарға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, одан сақтану шаралары мен денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәселелері түсіндірілді.


АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстары білім беру ұйымдарында да жүйелі жүргізіліп келеді. Мектептер мен жоғары оқу орындарында түсіндіру кездесулері ұйымдастырылып, жастарға инфекцияның таралу жолдары мен одан қорғану тәсілдері үйретіледі. Мамандар мұндай ақпаратты жасөспірім кезден бастап түсіндірудің маңызын атап өтті.


 ДӘУРЕН РЫСКЕЛДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Жыл сайын осы 1 желтоқсан ЖИТС ке қарсы күніне орайластырылған 20 қараша мен 3 желтоқсан аралығында онкүндік іс-шара ұйымдастырылады. Осы жастар арасында АИТВ инфекциясының таралуын алдын алу, жастарды дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында осы форумды өткізіп отырмыз.


Форумда тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық үнпарақтар таратылды. Мамандар АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, одан сақтану шаралары және жауапты қарым-қатынастың маңызы жөнінде кеңінен түсіндірді. Әсіресе болашақ отбасын құруды жоспарлаған жастардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауына басымдық берілді.


 КАМОЛА ӨМІРЗАҚ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ
Форум бүгін жастарға арналған. Яғни болашақ жас отбасыларын құратын мақсаттағы жастарға арналған. Яғни сау қарым қатынас, сау баланы өмірге алып келу бойынша ақпараттық танымдық іс-шара. 03-26/03-37 Жылына түсіндірмелік жұмыстары айына бір рет өтіп тұрады. Форум жылына 1 желтоқсан СПИД ке қарсы күнге орай бір рет ұйымдастырылады.


Ғылыми-практикалық форумда оқушылар мамандарға көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сондай-ақ АИТВ инфекциясының алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосқан бірқатар азамат алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастардың медициналық сауатын арттырып, денсаулыққа жауапкершілігін күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.


Бөлісу