Негізгі Жаңалықтар 23 САРБАЗ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТІН АҚКӨЛДЕ АТҚАРАДЫ

23 САРБАЗ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТІН АҚКӨЛДЕ АТҚАРАДЫ

Шымкенттен 23 жас азамат Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдеріне мерзімді қызметке іріктелді. Олар Отан алдындағы борышын Ақмола облысының Ақкөл қаласында өтейді. Айта кетейік, елімізде мұндай бес әскери бөлім бар. Олар Ұзынағаш, Семей, Ақтөбе, Қарағанды және Ақкөл қалаларында орналасқан.


Әскерге шақырылған азаматтар алдымен медициналық тексеруден және дене дайындығы сынағынан өтеді. Үміткерлердің құқықтық жауапкершілігі де назарға алынады. Мерзімді әскери қызмет бір жылға созылады. Ал борышын өтеген жастарға келісімшарт негізінде қызметін жалғастыруға мүмкіндік бар. Әскери салада мансап құрып, арнайы білім алып, кәсіби біліктілігін арттыра алады. Сондай-ақ 20 жылдық еңбек өтілінен кейін зейнетке шығу мүмкіндігі қарастырылған.


НҰРЖАН ҚАРАКӨЗЕВ, ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ, МАЙОР
 - Осы салаға қатысы бар қызметшілердің толыққанды жағдайы қарастырылған.” “ төтенше жағлай министрлігінде қызмет еткен сарбаздарға едәуір жеңілдіктер қарастырылған. Мерзімін өтеп келгеннен кейін алдағы уақытта Шымкент қаласының құрылымдық өрт сөндіру бөлімшелерінде жұмыс жасауға жағдай қарастырылған.”


Жиында азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық жұмыстардың нәтижесі де таныстырылды. Қаладағы 2500 көпқабатты тұрғын үйдің 8500-ден астам кіреберісіне ақпараттық тақтайшалар орнатылған. Онда төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері көрсетілген. Ал 162 эвакуациялық пункттің мекенжайы 2GIS қосымшасына енгізілген. Бұдан бөлек, қауіпті жағдайларды бақылау мен тұрғындарға жедел ескерту мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану аясы кеңейіп келеді.


НҰРЖАН ҚАРАКӨЗЕВ, ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ, МАЙОР
 - “ Қазіргі таңда өздеріңіз білесіздер біз практика түрінде халыққа осы дрондар арқылы хабарлама жеткіземіз. Алдын-ала дайындалған дауысты жазба арқылы тағыда қайталайын тұрмыстық үйдегі улы газ жаздағы шомылу маусымындағы қауіпсіздік талаптарын біз осы дрондар арқылы жұмысты атқарамыз.”


Дрондар арқылы тұрғындарға тұрмыстық газдан улану қаупі мен шомылу маусымындағы қауіпсіздік талаптары жөнінде алдын ала ескерту хабарламалары жеткізіледі. Жиын соңында қатысушылар сала жұмысына қатысты сұрақтарын қойып, әскери қызметке қабылдау тәртібі мен азаматтық қорғаныс бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет алды.


Бөлісу