Негізгі Жаңалықтар ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҰЛТТЫҚ МӘРТЕБЕ БЕРІЛЕДІ

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҰЛТТЫҚ МӘРТЕБЕ БЕРІЛЕДІ

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі маңызды жаңалық. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «ұлттық» мәртебе беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен III Халықаралық стратегиялық серіктестер форумында мәлімдеді. Президент шешімі өңірдегі ғылым мен білімнің дамуына жаңа серпін бермек.


Бұл - оңтүстік өңірдің ғылыми және білім беру әлеуетін мойындаған тарихи шешім. Жаңа мәртебе университеттің академиялық еркіндігін кеңейтіп, халықаралық ғылыми байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының айтуынша, Әуезов университеті - аймақтағы ең ірі жоғары оқу орны. Шымкенттегі әрбір бесінші студент осы білім ордасында оқиды. Ендігі міндет - білім сапасын арттырып, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды жаңа деңгейге көтеру. Президент ұлттық мәртебе университетпен қатар, жауапты министрлікке де үлкен міндет жүктейтінін атап өтті.


МҰХТАР ТӨЛЕГЕН, М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ
 Бұл Шымкент халқы үшін, еліміз бен жұртшылық үшін, біздің оқытушыларымызбен профессорларымыз бен ата-аналарымыз үшін үлкен жаңалық. Ұлттық статус алу деген білімнің сапасының зияткерлік ортаның қалыптасына үлкен мүмкіндік береді.  Енді .Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан зертте университеті өңірдегі сапалы білімнің, ғылыми зерттеу инновациялық жұмыстардың, зиыткерлік ортаның нағыз биігіне айналуы тиіс.


Ұлттық мәртебе - университет тарихындағы жаңа белес. Бұл - білім ордасының көпжылдық тәжірибесіне, ғылыми әлеуетіне және ел дамуына қосқан үлесіне берілген жоғары баға. Ендігі жауапкершілік - осы сенімді ақтап, Әуезов университетін халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті ғылыми-білім беру орталығына айналдыру.

Бөлісу