Негізгі Жаңалықтар ҒАЛЫМДАР ЖОЛДАУ БАСТАМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҒАЛЫМДАР ЖОЛДАУ БАСТАМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Ел дамуының жаңа бағыты, басқару жүйесіндегі өзгерістер, цифрлық қауіпсіздік пен құрылыс саласының әлеуеті. Президент Жолдауында көтерілген осы бастамалар Шымкентте ғалымдардың талқысына түсті. Профессорлар қауымы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты құжаттың негізгі бағыттарын саралап, ел болашағына ықпал ететін тұстарына тоқталды.

Құрылыс саласы – экономиканың қозғаушы күштерінің бірі. Жаңа нысандар бой көтерсе, жұмыс орындары ашылып, өзге де салалардың дамуына серпін береді. Ғалымдар Халықтық құрылыс жылының мәнін осылай түсіндіреді. Сонымен қатар жиында мемлекеттік басқаруды реформалау, стратегиялық жоспарлау және цифрлық кеңістіктегі жауапкершілік мәселелері де сөз болды. Әсіресе жалған ақпараттан сақтану, жеке деректерді қорғау мен интернет алаяқтыққа қарсы сауаттылықты арттыру қажеттігі айтылды.

АЯЗҒАЛИ МЕДЕУОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ
Бүкіл халықтық құрылыс жылы деп жариялап отыр. Құрлыс саласы бүкіл экономиканы әлеуметтік саланы көтеретін соның бәпрін қозғалтатын күш. 90 жылдары біздің экономикамыз баяулаған кезде Астана салынып барлық облыс орталықтарында құрылыстар жүргізіліп соның арқасында Қазақ елінің экономикасы көтерілген жағдайды білеміз.


Бөлісу