Негізгі Жаңалықтар ҚАЗАҚСТАН ҮЗДІК 16 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

ҚАЗАҚСТАН ҮЗДІК 16 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Қазақстан цифрлық даму қарқыны бойынша әлемдік алпауыттарды артта қалдырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Электронды үкіметті дамыту индексінде 16-орынға көтерілді. Бұған дейін 24-ші сатыда тұрған Қазақстан алғаш рет ең жоғары рейтингтік санатқа еніп отыр.


Еліміз рейтингте Германия, Швеция және Жапонияны басып озып, ТМД мен Орталық Азия елдері арасында дара көшбасшы атанды. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында қолға алынған ауқымды реформалар өз жемісін берді. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн қолжетімді, ал жыл басынан бері eGov порталы арқылы 51 миллионнан астам қызмет көрсетілген. Оның басым бөлігін тұрғындар смартфон арқылы рәсімдеген. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің сөзінше, ендігі меже – азамат сұраныс білдірмей тұрып-ақ, қажетті қызметті өздігінен ұсынатын проактивті цифрлық мемлекет қалыптастыру.

Бөлісу