Негізгі Жаңалықтар ӘЛЕУМЕТТІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАР ЖАҢАРТЫЛУДА

ӘЛЕУМЕТТІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАР ЖАҢАРТЫЛУДА

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанды аралады. Кентауда жылу орталығының жұмысы мен жылу желілерін жаңғырту барысын тексерсе, Түркістанда медициналық мекемелер мен тұрғын үй құрылысының жай-күйімен танысты. Өңір басшысы жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады.


1952 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Кентау жылу электр орталығы – қаладағы тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды жылумен қамтитын негізгі кәсіпорын. Соңғы жылдары мұнда ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы №7-12 қазандықтар жаңартылып, технологиялық үдерістерді автоматты басқару жүйесі енгізілді. Сондай-ақ ұзақ уақыт тоқтап тұрған ТГ-6 турбинасы қайта іске қосылды.


НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
 15-20 жыл бұрын Кентауда тецте авария болды жылусыз қалды деп жатушы еді. Қазір мемлекет басшысының қолдауымен ол мәселелер артта қалды. 12 млрд 8 млн қаржы жұмсалып біршама жаңарған.


Түркістандағы медициналық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Алдымен 80 орынға арналған №3 перинаталдық орталықтың жаңа ғимараты көрсетілді. Жоба Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық аясында «Абу-Даби» даму қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, қалада 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Қазір нысанның 88 пайызы дайын. Құрылыс басында 300 адам еңбек етуде.


 НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
 Сапасы өте жақсы көрдік. Оның үстіне ол демеушілердің есебінен бой тіктеп жатыр. Ал саоынып жатқан 500 орындық аурухана ол өте маңызды.


Сапар барысында тұрғын үй құрылысы да пысықталды. Нұрлыбек Нәлібаев Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген 26 тұрғын үйді аралады. Бес қабатты баспаналардың құрылысына 28,2 миллиард теңге бағытталған. Былтыр шілдеде басталған құрылыс биыл мамырда аяқталды. Жалпы 1 039 пәтер пайдалануға дайындалған. Оның 260-ы – бір бөлмелі, 519-ы – екі бөлмелі, 260-ы – үш бөлмелі. Жұмыс сапарының қорытындысында жауапты басшыларға бірқатар тапсырма берілді.

Бөлісу