Негізгі Жаңалықтар СИРЕК ЖАНУАРЛАР ӘУЕДЕН БАҚЫЛАНАДЫ

СИРЕК ЖАНУАРЛАР ӘУЕДЕН БАҚЫЛАНАДЫ

Түркістан облысында сирек кездесетін аң-құстарды заңсыз аулауға тосқауыл қою үшін әуе рейді басталды. Орман шаруашылығының мамандары тікұшақпен тау-тас пен жота-қыраттарды шолып, Қызыл кітапқа енген жануарлардың мекендеу аумақтарын бақылауға алды.

Әуе барлау жұмыстары 18 қарашада басталып, 24 қарашаға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында мамандар бекітілген аумақтарды тікұшақпен 35 сағат бойы бақылайды. Негізгі назар – браконьерлік деректерін анықтап, заңсыз аң аулаудың алдын алу.

БЕКБОЛАТ ИБРАИМОВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКТОРЫ
 – «Авиарейд кезінде қызыл кітапқа енген жануарларды заңсыз аулауға жол бермейміз. Жұмыстар Созақ ауданы мен Бәйдібек ауданы аумағында жүргізіп жатыр. Заңсыздық деректері тіркелген жоқ. Рейд жалғасуда.»

Бөлісу