ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ШАХМАТ БӘСЕКЕСІ
Түркістанда халықаралық шахмат додасы. 20-27 қараша аралығында түркі елдерінің чемпионаты өтуде. Ерлер, әйелдер және сеньорлар санатында 24 шахматшы чемпиондық атаққа таласып жатыр.
Түркі шахмат қауымдастығы 2025 жылы құрылған. Алғашқы төрағалық Түркияға бұйырса, биыл ұйым тізгіні Қазақстанға өтті. Чемпионатта Қазақстан, Әзербайжан, Мажарстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан өкілдері бақ сынауда. Қазақстан әр санатқа екі ойыншыдан қосса, өзге мемлекеттер бір-бір шахматшыдан ұсынған.
МАРАТ ЕСЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
Бұл жарысқа 24 шахматшы келіп отыр. 7 мемлекеттің өкілдері. Жарыс үш бағытта өтеді. Ерлер арасында, әйелдер арасында және сеньерлар арасында. Біздің командада өте мықтылар бар.
Чемпионаттың жүлде қоры да қомақты. Ерлер арасындағы бәсекеде 25 миллион теңге сарапқа салынады. Бас жүлде – 7 миллион теңге. Екінші орынға 5 миллион, үшінші орынға 3,5 миллион теңге беріледі. Ал әйелдер санатындағы жүлде қоры – 15 миллион теңге.
ГҮЛМИРА ДӘУЛЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Жарысымыздың жүлде қоры 40 млн теңге Өте үлкен жүлде қоры. Жарыстың басты мақсаты түркі тілдес елдер арасында достықты нығайту.
Түркі елдерінің шахмат чемпионаты Қазақстан шахмат федерациясы мен Түркі шахмат қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Жарысқа Туризм және спорт министрлігі мен Түркістан облысының әкімдігі қолдау көрсетуде. Серіктесі – Freedom компаниялар тобы.