Негізгі Жаңалықтар ТУРИЗМНЕН 303 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТҮСТІ

ТУРИЗМНЕН 303 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТҮСТІ

Қазақстан туризмі ұлттық экономиканың қарқынды дамып келе жатқан негізгі драйверіне айналды. Жыл басынан бері бұл саладан мемлекет қазынасына 303 миллиард теңге салық түсті. Бұл – еліміздегі жалпы салықтық түсімнің екі пайызын құрайтын көрсеткіш. Саланың оң серпінін халықаралық сарапшылар да растап отыр.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту индексінде еліміз 56-орынға тұрақтады. Жаһандық рейтингтегі бұл меже отандық туризмнің кем-кетігі түзеліп, бәсекеге қабілеттілігі артқанын айқындайды. Туризм және спорт министрлігінің дерегінше, биылғы тоғыз айда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1 триллион 300 миллиард теңгеге жетті. Жүзеге асқан жобалардың нақты нәтижесі де көз қуантады. Биыл жалпы құны 19 миллиард теңгеден асатын 15 туристік нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін құны 159 миллиард теңгені құрайтын тағы 38 ірі жоба іске қосылады.

Бөлісу