Негізгі Жаңалықтар СУБСИДИЯҒА БӨЛІНГЕН 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРЫЛҒАН

СУБСИДИЯҒА БӨЛІНГЕН 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРЫЛҒАН

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауға бөлінген 1,1 миллиард теңгені жымқыру дерегі анықталды. Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер 81 жаңбырлатқыш қондырғыны сатып алуға субсидия рәсімдеген. Алайда оның 37-сі шаруашылықтарға жеткізілмеген. Соған қарамастан, жабдықтар толық орнатылғаны туралы жалған құжаттар толтырылған.


 Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр. «Агрохолдинг Түркістан» және «JMJ-Агро» серіктестіктері арқылы 81 жаңбырлатқыш қондырғыны сатып алуға субсидия алу үшін өтінімдер рәсімделген. Лизинг беруші ретінде бақылаудағы «АгроПромЛизинг» микроқаржы ұйымы көрсетіліп, оның арнайы шотына бюджет қаражаты аударылған. Алайда 37 қондырғы іс жүзінде жеткізілмеген және орнатылмаған. Соған қарамастан, міндеттемелер толық орындалғаны туралы жалған мәліметтер қамтылған қабылдау-тапсыру актілері толтырылған», – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында. Нәтижесінде мемлекетке 1,1 миллиард теңге залал келген. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.


Бөлісу