Негізгі Жаңалықтар «ҚЫС – 2026» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ БАСТАЛДЫ

«ҚЫС – 2026» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ БАСТАЛДЫ

Қысқы маусымдағы төтенше жағдайларға дайындық пысықталуда. Шымкентте 24–25 қараша күндері «Қыс – 2026» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Мамандар қысқы кезеңде болуы мүмкін қауіп-қатерлерге қаншалықты дайын?

 Екі күндік оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтерінің күші мен құралдары сыналады. Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды атқару дайындығы тексеріліп, мекемелер арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталады. Жаттығу кезінде қала көшелерінде арнайы автокөліктердің сиреналары қосылып, жарықтық дабылдар іске қосылады. Тұрғындардан бұған алаңдамай, сабыр сақтауды сұраймыз. Бұл – алдын ала жоспарланған оқу-жаттығу. Яғни, қалада нақты төтенше жағдай тіркелген жоқ. Мамандар тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сүйеніп, жалған хабар таратпауға шақырады.


Бөлісу